Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2027-2029 жылдарға арналған болжамы туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 51-бабына, «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысын әлеуметтік-
экономикалық дамытудың 2027-2029 жылдарға арналған болжамы
мақұлдансын.
2. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық
дамытудың 2027-2029 жылдарға арналған болжамының бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің
қадағалайтын мәселелері бойынша орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
14 октября 2026