Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті және инновациялық жобаларды дамыту бөлімінің басшысы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.10.2026 - 16.10.2026

Қабылдау 1 этап: 15.10.2026- 16.10.2026

Қабылдау 2 этап: 19.10.2026

Эссе: 20.10.2026

Сұхбат: 23.10.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті және инновациялық жобаларды дамыту бөлімінің басшысы, D-O-3

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысына басшылық жасау және үйлестіру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардың актілерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің, басқа да мүдделі ұйымдардың шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылау. Цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Ақпараттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру. «Ақылды» қалалар жүйелерін пайдалану тиімділігінің өлшемдері мен көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және үйлестіру. «Smart City» элементтері мен технологияларын енгізу бойынша жұмысты үйлестіру. Ұлттық жобаларда және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру. «Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік» архитектурасына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу. ЖИ технологияларын қолдана отырып, цифрлық платформаларды, ақпараттық жүйелерді және сервистерді әзірлеуді, енгізуді және сүйемелдеуді үйлестіру. Мемлекеттік басқаруда шешімдерді қабылдауды қолдаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік ұйымдармен және жеке сектормен өзара іс-қимыл жасау. Өңір экономикасының салаларында (агроөнеркәсіптік кешен, экология, жер қойнауын пайдалану, ТЖ, РҒИС) ғарыштық мониторинг пен Жерді қашықтықтан зондтау деректерін тиімді қолдануды ұйымдастыру және бақылау, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимылды үйлестіру және техникалық тапсырмаларды қалыптастыруды бақылау. Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ғарыштық мониторинг деректері мен спутниктік түсірілімдерді талдамалық өңдеу (қалдықтар полигондары, өрт қаупі бар және су тасқыны қаупі бар учаскелер бойынша) жұмыстарын үйлестіру, бақылау және дайындалған талдау материалдарының сапасын бағалау. Геоақпараттық жүйелерге енгізілетін кеңістіктік деректердің векторлық қабаттарын тексеру, верификациялау, түзету және картографиялық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру әрі бақылау. Ғарыштық түсірілім материалдары негізінде құрылатын жергілікті жердің және рельефтің сандық модельдерін құру мен өзектендірудің сапасына, дәлдігіне және уақтылы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «акылды» қалаларының Эталондық стандартын және «SMART CITY» Концепциясын енгізу, қалалық және облыстық инфрақұрылымды цифрландыру, деректерді интеграциялау және заманауи цифрлық экожүйені пайдалану жөніндегі жүйелі жұмысты қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу және енгізу жөніндегі жобаларға жүйелі талдау, сараптамалық бағалау және рецензиялау жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету, оларды пысықтау және модификациялау бойынша техникалық ұсынымдар дайындау. Мемлекеттік органдарға бизнес-процестерді және олардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін оңтайландыру және трансформациялау жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік органның бірыңғай архитектурасын жобалауды, келісуді және бақылау сүйемелдеуін, сондай-ақ «электрондық әкімдіктің» және «электрондық үкіметтің» үлгілік архитектурасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдардың дерекқорларын әкімшілендіру, қалыптастыру және интеграциялау процестерін үйлестіру. ҚР Цифрлық кодексінің және Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің № 141/НК әдістемесінің талаптарына сәйкес Ақмола облысының «смарт-қала» және «смарт-өңірді» дамыту Стратегиясын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеуді, уәкілетті органмен келісуді, өзектендіруді және іске асыруды үйлестіру. Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру бойынша қызметті жүзеге асыру. Бөлім құзыреті шеңберінде басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: информатика, ғарыш техникасы мен технологиялары, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), математика және статистика, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік, электротехника және автоматтандыру, smart City – технологиялар Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 октября 2026