2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 4 қазанда Ақмола облысының  1 қала және 5 ауданында 6 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Степногоск қаласы Ақсу және Шантөбе кенттерінің, Біржан сал ауданы Уәлиханов және Үлгі ауылдық округтерінің, Егіндікөл ауданы Узынкөл ауылдық округінің, Зеренді ауданы Көсеп және Ақкөл ауылдық округтерінің, Қорғалжын ауданы  Сабынды ауылдық округінің, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округіның, Шортанды ауданы Бектау ауылдық округінің және Жолымбет және Шортанды кенттерінің әкімдерін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 10463  азамат енгізілді, оның ішінде 17984 (58,18%)  дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 36 адам.

Барлық 12 елді мекенде әкімдер сайланды.

Әкімдер болып сайланды: 6 – мемлекеттік қызметшілер,  3 - бюджеттік саласының жұмыскері, 2- коммерциялық саласының жұмыскері, 1-уақытша жұмыс істемейді;4-і «Әділет» партиясынан, ал 8-і өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Сайлаушыларды максималды қатысуы 87,26% (Узынкөл ауылдық округі Егіндікөл ауданы),  минималды – 32,09% (Ақкөл ауылдық округі Зеренді ауданы).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
06 октября 2026