2026 жылғы қаңтар -тамыз айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 422 307,9 млн. теңгені (НКИ 106,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 140 268,3 млн. теңге (НКИ - 108,9%), мал шаруашылығы - 281 946,3 млн. теңге (НКИ - 104,8%)
2026 жылғы қаңтар -тамыз айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 70,5 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,9% болды.
2026 жылғы қаңтар -тамыз айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,3 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 101,7% болды.
Облыста барлығы 8233 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 2073 - заңды тұлғалар, 286 - жеке кәсіпкерлер, 5874 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 22,6%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 401,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 90,9 мың адам (2026 жылдың 2-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).