2026 жылдың 3 тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы ақпарат

2026 жылғы 1 қазанда жағдай бойынша аймақта 192 діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 88 - ислам, 50 – православ, 34 – протестанттық, 11 – католик, 6 – Жаңа апостол; 1 – Ехоба куәгерлері 1-Бахаи діні және Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы - 1

Діни нысандар – 152, оның ішінде: 88 мешіт; 29 православие шіркеулер; 13 католиктік шіркеулер; 22 протестанттық дұға үйлері

Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 24 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 13 адам Польша, 5 - Филиппин, 1- Швейцария, 3 -  Ресей,    2 - Қазақстан азаматтары.

Көкшетау қ. – 3  миссионер, Астрахан ауданында - 1, Атбасар ауданында - 6, Бұланды ауданында – 3, Бурабай ауданында - 4, Сандықтау ауданында – 1, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.

21 миссионер католицизмді, 1 православиені, 1 протестантизмді (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1- вайшнавизмді уағыздайды

Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 83 фактісі анықталды.

«Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.

2026 жылғы 5 мамырда «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының отырысы шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді, онда күшіне енген Жаңа Конституция туралы, оның ішінде дін саласына қатысты нормалар көрсетіле отырып ақпарат жеткізілді2026 жылғы 1 шілде жағдай бойынша облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3)Ақпараттық-түсіндіру топтары 1410 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 9339адам қатысты. Оның ішінде тікелей облыс жастарымен 2279 адамның қатысуымен 55 іс-шара жүзеге асырылды. Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 2216 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 58 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 41 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында мен әлеуметтік желілерде 2070 ақпараттық материалдар орналастырылған(суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

Дата публикации
28 сентября 2026