
2026 жылы 23 қыркүйектеАқмола облысының әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру барысы, сондай-ақ Бұланды ауданында жалға берілетін тұрғын үйді бөлу және кезектіліктің сақталуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар «Су арнасы» ШЖҚ МКК мен «Көкшетау жылу» ШЖҚ КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға анықталған тәуекелдерді жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.