Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінде ашықтық және парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңнама талаптарына сәйкес жоба танысу және талқылау үшін орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер белгіленген тәртіппен қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасына байланысты мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Серік Рахымжанұлы Зұлқышевқа хабарласуға болады, телефоны: 87162 29 72 37

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Дата публикации
23 сентября 2026