Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 61,068 мың бірлікті құрады
(2025 жылғы тамызға 91,2%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 58,171 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы тамызға 93,8%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 95,3%-ды құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйекке ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 250 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 41 968 бірлік.

- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 953 бірлік.

2026 жылғы қаңтар-тамызда ШОК субъектілерінен 190,4 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 133,9%, салықтардың жалпы түсімнің 34,8%-ы).

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 132,849 мың адамды құрады (2025 жылғы наурызға 93,8%).

2026 жылғы қаңтар-наурызда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 531,7 млрд. теңгені құрайды (2025 жылғы ұқсас кезеңге 103,1%).

2026 жылғы қаңтар-наурыздағы ШОК-тің жалпы қосылған құны
307,902 млрд. теңгені немесе 31,2% -ды құрайды.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ШОК субъектілерінде
3 796 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2026 жылғы қаңтар-шілдеде ЕДБ ШОК субъектілеріне
123 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 98,2%-ын құрайды (немесе банк секторы кредиттерінің жалпы көлемінің 36,1%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 24,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 5,1%-ды құрайды.

 

Дата публикации
21 сентября 2026