2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 13 қыркүйекте Ақмола облысының  5 ауданында 5 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Біржан сал ауданы Мамай ауылының  әкімін, Бұланды ауданы Карамышев ауылдық округінің әкімін, Есіл ауданы  Двуречный ауылдық округінің әкімін, Жарқайын ауданы Далабай ауылының әкімін, Целиноград ауданы Қоянды ауылының  әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 8229  азамат енгізілді, оның ішінде 1930 (23,45%)  дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 15 адам.

Барлық 5 елді мекенде әкімдер сайланды.

Әкімдер болып сайланды: 2 – мемлекеттік қызметшілер,  1 - бюджеттік саласының жұмыскері, 1- коммерциялық саласының жұмыскері, 1-уақытша жұмыс істемейді; барлығы –өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған

Сайлаушыларды максималды қатысуы 80,69% (Жарқайын ауданы, Далабай ауылы),  минималды – 9,42% (Қоянды ауылы Целиноград ауданы).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
14 сентября 2026