Облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес азаматтардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдауды ұйымдастыру бөлігінде жаңа жұмыс форматына көшуді жүзеге асырды.
Облыс әкімінің аппаратында облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды қабылдауды ай сайын бірыңғай қабылдау күндерін ескере отырып (әр айдың соңғы жұмасы) бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.
Қазіргі уақытта облыс әкімі аппаратының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті Ақмола облысы әділет департаментінің келісуінде (Ақмола облысының қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қортындысы алынғаннан кейін жолданған).
Коронавирус таралуының тәуекелін төмендету бойынша привентивтік шаралар қолданылуына байланысты өтініш иесінің келісімімен қабылдау қашықтықтан жүргізіледі.
2020 жылдың аталған кезеңінде облыс әкімімен, облыс әкімінің орынбасарларымен 208 адам қабылданды (2019 жылы - 381). 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жеке қабылдауда қабылданған азаматтардың саны 46% қысқарды (төмендеу карантиннің алғашқы айларында жеке қабылдауды уақытша тоқтатумен байланысты).