Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 61,087 мың бірлікті құрады
(2025 жылғы шілдеге 92,2%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 57,828 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы шілдеге 94,2%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,7%-ды құрады.

2026 жылғы 1 тамызға ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 152 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 41 718 бірлік.

- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 958 бірлік.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде ШОК субъектілерінен 151,6 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 132,7%, салықтардың жалпы түсімнің 35%-ы).

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 132,849 мың адамды құрады (2025 жылғы наурызға 93,8%).

2026 жылғы қаңтар-наурызда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 531,7 млрд. теңгені құрайды (2025 жылғы ұқсас кезеңге 103,1%).

2026 жылғы қаңтар-наурыздағы ШОК-тің жалпы қосылған құны
307,902 млрд. теңгені немесе 31,2% -ды құрайды.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында ШОК субъектілерінде
3 367 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЕДБ ШОК субъектілеріне
105,4 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 98%-ын құрайды (немесе банк секторы кредиттерінің жалпы көлемінің 36,3%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 27,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 5%-ды құрайды.

Дата публикации
02 сентября 2026