Степногорск, Біржан сал, Егіндікөл, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы 26 тамыздағы ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 4 қазанға келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Степногорск қаласы Ақсу, Шантөбе кенттерінің әкімдерін;
Біржан сал ауданы Үлгі, Уәлиханов ауылдық округтерінің әкімдерін;
Егіндікөл ауданы Узынкөл ауылдық округінің әкімін;
Зеренді ауданы Ақкөл, Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерін;
Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімін;
Шортанды ауданы Жолымбет, Шортанды кенттерінің әкімдерін.
Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.