2026 жылғы қаңтар - шілде айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 262 027,9 млн. теңгені (НКИ - 105,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 10 601,7 млн. теңге (НКИ - 116,2%), мал шаруашылығы - 251 377,9 млн. теңге (НКИ - 104,9%).
2026 жылғы қаңтар - шілде айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 59,4 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,7% болды.
2026 жылғы қаңтар - шілде айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,0 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 124,3% болды.
Облыста барлығы 8233 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 2073 - заңды тұлғалар, 286 - жеке кәсіпкерлер, 5874 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 22,6%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 401,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 90,9 мың адам (2026 жылдың 2-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
- 2026 жылдың 1-і тоқсанында - 334 мың теңге, өсім 23,9% құрады (2025 жылдың І тоқсанында - 269,6 мың теңге).