Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындау туралы хабарлама

Біржан сал,  Буланды, Есіл, Жарқайын, Целиноград аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы  5 тамыздағы ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 13 қыркүйекке келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:

Біржан сал ауданы Мамай ауылының әкімін;

Буланды ауданы Карамышевка ауылдық округінің әкімін;

Есіл ауданы  Двуречный ауылдық округінің әкімін;

Жарқайын ауданы Далабай ауылының әкімін;

Целиноград ауданы Қоянды ауылының  әкімін.

Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

 

 

Дата публикации
06 августа 2026