Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.08.2026 - 05.08.2026

Қабылдау 1 этап: 04.08.2026- 05.08.2026

Қабылдау 2 этап: 06.08.2026

Практикалық бағалау: 07.08.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы, D-O-4

Функционалдық міндеттері:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар бойынша;

дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар бойынша; пробация қызметтерінен жіберілетін шартты түрде сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша, оның ішінде квота бойынша; жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жөніндегі модуль бойынша еңбек мобильдігі орталығы қызметкерлерінің есептерді сапалы ұсынуын талдау, үйлестіру. Қалалар мен аудандардың мансап орталықтары филиалдарының бос орындар жәрмеңкелерін өткізуін үйлестіру және талдау. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» іске асыру мониторингі; қажеттілікті айқындау жөніндегі облыстық өңірлік комиссияның отырысына материалдар дайындау. Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша Жобалық кеңсенің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарына, сұрауларына, өтініштеріне жауаптар, ақпараттар, тезистер, дайындау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық және экономика негіздері, психология, құқықтану, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
31 июля 2026