«Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің жобасына түсініктеме жазба

№ Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпаратты
1 Нормативтік құқықтық актінің жобасын ұсынылған мемлекеттік органы.  «Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ.
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
3 Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидалары бекітілген.Осыған байланысты, Жобамен қолданыстағы «Ақмола облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын күші жойылған деп тану, кейіннен «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес Үлгілік қағидалардың негізінде жаңа Қағидаларды қабылдау көзделген.
4 Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты оларды өзгерту немесе күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар әзірлеу туралы мәліметтер.

-

5 Осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік (республикалық, жергілікті) бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көдейді ме? Көздемейді.
Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Дата публикации
30 июля 2026