«Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің жобасына түсініктеме жазба

№ Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпаратты
1 Нормативтік құқықтық актінің жобасын ұсынылған мемлекеттік органы.  «Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ.
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2)-тармақшасы, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығы
3 Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидалары бекітілген.Осыған байланысты, Жобамен Үлгілік қағидалардың негізінде жаңа «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларды қабылдау көзделген.
4 Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты оларды өзгерту немесе күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар әзірлеу туралы мәліметтер.

-

5 Осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік (республикалық, жергілікті) бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көдейді ме? Көздемейді.

 

 

«Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
Дата публикации
30 июля 2026