2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарға Ақмола облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакциясы келісім-шарт негізінде сайлау алдындағы үгіт үшін баспа қызметін ұсынады.
Депутаттыққа кандидат болып тіркелгендер, саяси партиялар немесе сенімді өкілдер үгіт материалдарын жариялау үшін редакцияға жазбаша өтініш береді. Бұл өтініште тіркелу нөмірі, күні, уақыты, үміткердің немесе сенімді өкілдің аты-жөні, тегі көрсетілуі керек. «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттері редакциясымен шарт жасалады. Жеке куәліктің және үміткер куәлігінің көшірмелері болуы керек.
Редакция үгіт материалдарының түсуіне байланысты оларды жариялау үшін кезекке қояды және жарияланатын күнін келісім-шарт бойынша белгілейді. Материалдар ақысы жүз пайыз толық төленгеннен кейін барып жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңына сәйкес келмейтін үгіт материалдары газетімізде жарияланбайтындығын естеріңізге саламыз. Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерінің үгіт материалдарының бірінші бетте түрлі-түсті болып жариялануының бір шаршы сантиметрінің құны 600 теңге, екінші бетте жарияланса – 500 теңге, ал жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлері үшін бір шаршы сантиметрінің түрлі-түсті беттердегі құны – 400 теңге, екінші бетте жарияланса – 300 теңге. Қосымша құн салығы бірге есептелген.