Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына және «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 қаулысына сәйкес Ақмола облысы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері және жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.
Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89,
5 қабат, № 500 кабинет телефон 8(7162) 25-36-33, 51-40-12, 51-40-13
Комиссия төрағасы – Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы;
төрағаның орынбасары – Политкин Николай Афанасьевич;
хатшы – Наурызбекова Әсия Жасқайратқызы;
комиссия мүшелері: Бекентаева Алма Болатқызы,
Мамилин Қадырғазы Жұмағазыұлы, Немешев Игорь Сергеевич, Омарова Шынар Қарағожақызы.