Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша Анықтама

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 61,073 мың бірлікті құрады (2025 жылғы мамырға 93,5%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 57,667 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы мамырға 95,6%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,4%-ды құрады.

2026 жылғы 1 маусымдағы ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 114 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 41 636 бірлік.

- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 917 бірлік.

2026 жылғы қаңтар-мамырда ШОК субъектілерінен 120,3 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 134,3%, салықтардың жалпы түсімнің 32,4%-ы).

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 151,463 мың адамды құрады (2024 жылғы желтоқсанға 100,4%).

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 2 787,6 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 120,6%).

2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ШОК-тің жалпы қосылған құны
1 727,493 млрд. теңгені немесе 32,4% -ды құрайды.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ШОК субъектілерінде
2 333 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2026 жылғы қаңтар-сәуірде ЕДБ ШОК субъектілеріне
72,6 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 97,9%-ын құрайды (немесе банк секторы кредиттерінің жалпы көлемінің 39,2%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 33,2%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,9%-ды құрайды.

Дата публикации
30 июня 2026