2026 жылғы қаңтар- мамыр айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2026 жылғы қаңтар - мамыр айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 174 309,3 млн. теңгені (НКИ - 103,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 172,3 млн. теңге (НКИ - 96,1%), мал шаруашылығы - 173 113,1 млн. теңге (НКИ - 103,3%).

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 35,9 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 163,5% болды.

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 106,4% болды.

Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,3%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 400,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,3 мың адам (2026 жылдың 1-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

- 2026 жылдың І тоқсанында - 334 мың теңге, өсім 23,9% құрады (2025 жылдың І тоқсанында - 269,6 мың теңге).

Дата публикации
24 июня 2026