«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.06.2026 - 25.06.2026
Қабылдау 1 этап: 24.06.2026- 25.06.2026
Қабылдау 2 этап: 26.06.2026
Практикалық бағалау: 27.06.2026
Анықтама телефоны: 87015326551
D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақмола облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы , D-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Ағымдағы ахуалды, әлеуметтік-экономикалық дамуды, қоғамдық-саяси жағдайды, аумақтарды дамыту бағдарламаларының индикаторларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жетекшілік ететін аудандар мен басқармаларды жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және реттеу үшін талдау және ақпарат дайындау. Облыс әкімінің қатысуымен ағымдағы мәселелер бойынша кеңестерді, селекторлық кеңестерді ұйымдастыру (департаменттердің, басқармалардың, өңірлердің, облыс әкімі аппараты бөлімдерінің материалдарын, анықтамаларын жинақтау). Қоғамдық кеңестермен өзара әрекет ету. Облыс әкімінің аудандарға жұмыс сапарларын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауларын, референдумды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру. Барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара байланыс. Облыс әкімінің халықпен кездесулерін ұйымдастыру.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік жұмыс, көлік қызметтері, бизнес және басқару, гуманитарлық ғылымдар, педагогика және психология, пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді
даярлау, әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар, гигиена және өндірісте еңбекті қорғау, құқық, қызмет көрсету саласы
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.