«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.06.2026 - 15.06.2026
Қабылдау 1 этап: 12.06.2026- 15.06.2026
Қабылдау 2 этап: 16.06.2026
Практикалық бағалау: 17.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы және пайдалан бөлімінің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру объектілерін
салу және пайдалану саласында мемлекеттік саясат жүргізу. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың жылдық және перспективалық бағдарламаларын дайындау. Тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерінде аудандар мен қалалардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде, коммуналдық кәсіпорындардың қызметінде техникалық жаңалықтарды дамытуға және қолдануға жәрдемдесу. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласында халыққа коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және облыс әкімдігінің қарауына енгізу. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласында бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және жүргізуге қатысу. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау объектілерінің құрылысын іске асыруды сүйемелдеу. Өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шараларға қатысу және басқа комиссияларға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жобалық басқарманың ақпараттық базаларына жергілікті атқарушы органдардың деректерді енгізуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құрылыс, экология, жылу энергетикасы, су қорлары және суды пайдалану, инженерлік жүйелер мен желілер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот ртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне екетсіздігіне) шағымдана алады.