«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.06.2026 - 15.06.2026
Қабылдау 1 этап: 12.06.2026- 15.06.2026
Қабылдау 2 этап: 16.06.2026
Практикалық бағалау: 17.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы қаржы басқармасы денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мемлекеттік органдарының шығыстарының орындалуын талдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 5 ақпаны қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы), D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің құзіреті шегінде төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешімдерін, әкімнің қаулыларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін жүзеге асыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу. Бөлімнің құзіреті шегінде нысаналы трансферттердің жүзеге асырылуына, бюджет шығындарының атқарылуына мониторинг жасау. Бөлімнің құзіреті шегінде облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы аналитикалық есепті қалыптастыру. Тиісті қаржы жылына бөлімнің құзыреті шегінде жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларға талдау жүргізу. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын қарау және келісу. Желі, штаттар және контингенттер бойынша есептер қабылдау. МЖӘ шарттарының жобаларын қарау және келісу. Бөлім құзыреті шегінде МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингі. Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу, мониторингілеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бөлім құзыреті шегінде қаржы басқармасы бойынша өзгерістер енгізу және олардың іске асырылуын талдау. Бөлімнің құзыреті шегінде бюджетті атқару бойынша аналитикалық анықтамаларды қалыптастыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот ртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне екетсіздігіне) шағымдана алады.