Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.06.2026 - 15.06.2026

Қабылдау 1 этап: 12.06.2026- 15.06.2026

Қабылдау 2 этап: 16.06.2026

Практикалық бағалау: 17.06.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923

(Лауазымдық  жалақы  нақты  қызметкердің  жұмыс  өтіліне йланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, D-O-4

 

Функционалдық міндеттері:

Халықтың жоспарлы және шұғыл медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, пациенттерді жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Бекітілген бағыттар бойынша бас штаттан тыс мамандардың жұмысын жүйелі  бақылауды және жалпы үйлестіруді жүзеге асырады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, қандастарға және азаматтардың өзге де жеңілдікті санаттарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды және мониторингтеуді қамтамасыз етеді. Мейіргерлік қызметті дамыту және жетілдіру және науқастарға сапалы күтім жасауды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Негізделген шағымдар санын азайту үшін облыстың медициналық ұйымдарында пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысына мониторингті қамтамасыз етеді. Этикалық комиссиялардың жұмысын, оның ішінде трансплантология және генетикалық байланыс орнату мәселелерін ұйымдастырады. ҚР АӨК талаптарына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді. Басшылыққа және басқа да мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша жиынтық есептілік, талдамалық анықтамалар мен ақпарат дайындайды.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот ртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне екетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
10 июня 2026