«Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы шеңберінде өзара әрекет ету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу уақытша регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы шеңберінде өзара әрекет ету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу уақытша регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығының (бұдан әрі - Орталық) және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің өзара әрекет ету тәртібін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасында орналасқан Орталық арқылы «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Дата публикации
11 декабря 2020