«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-6-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылдың II жартыжылдығында Ақмола облысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша мерзімді тексеру жүргізу жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Ақмола облысы әкімдігінің Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Жоспарды Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеруді жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Е.Айтбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.