Ақмола облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,1 мың ш.км құрайды.

01.04.2026ж. халық саны – 791,1 мың адам, оның ішінде қалалық - 458,1 мың адам (57,9%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.

Ұлттық құрамы: қазақтар – 57,2%, орыстар – 26%, басқалар – 16,8%.

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 802,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылғы деңгейге 88,5% (құлдырау өңдеу өнеркәсібі көлемінің 570,3 млрд. теңгеге дейін (НКИ – 84,4%) төмендеуіне байланысты машина жасау және металлургия салаларындағы көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты).

2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 1,7 мың жұмыс орнын құра отырып, 174,8 млрд. теңгеге
19 жобаны іске асыру жоспарлануда.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    137 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылдың деңгейіне 102,3%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    57,5 мың бірлікті құрады, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 4,3%-ға төмен.

2026 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 2,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 2,1 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға –
189 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    5,2%-ға өсіп, 146,5 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 47,9 млрд. теңгеге немесе 2025 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,3%-ға дейін ұлғайды.
137,2 мың ш.м. тұрғын үй енгізіліп, 1,8%-ға өсті.

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2026 жылғы 1 тоқсан) - 4,4% (18,3 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,1%
    (2026 жылғы 1 тоқсан). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (92,8 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (418,7 мың адам) 22,2%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы қаңтар-наурызда 378,8 мың теңгені құрады, бұл 2025 жылғы деңгейден 10,3%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 104,3%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 104,7%-ды құрады.

  1. 2026 жылға арналған облыс бюджеті - 668,9 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 49,8%).

2026 жылдың 1 мамырына 232,3 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,9%-ы игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 264,6 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 115,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 167 млрд. теңге (болжамға 112,1%), жергілікті – 97,6 млрд. теңге (болжамға 121%) түсті.

  1. 2026 жылы әлеуметтік салаға 340,9 млрд. теңге (облыс бюджетінің 51%), оның ішінде білім беруге – 269,5 млрд. теңге (40,3%), денсаулық сақтауға – 10,8 млрд. теңге (1,6%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 97,2%.

Білім беру саласында Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылында және Қосшы, Көкшетау қалаларында 3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында Сандықтау ауданының Каменка, Лесное ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның
және Байдалы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Халықтың қалалар және ауылдардағы сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 100%-ды құрайды. Қалаларда жылумен жабдықтауға қолжетімділік - 68,6%.

2026 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 10,8 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 22 нысанның құрылысына (5,5 млрд. теңге), 21 нысанды реконструкциялауға
(5,1 млрд. теңге) және ағымдағы жөндеу жұмыстарына (237,4 млн. тенге) бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік.

2026 жылғы қаңтар-сәуірде ауыр қылмыстардың 3,1%-ға
(318-дан 328-ге дейін), ұлғайғаны байқалды, олардың ашылуы
62,2%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 1,8 есеге (18-ден 10-ға дейін) төмендеді, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100%-ды құрады.

 

Дата публикации
19 мая 2026