Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіподақтар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Еран Әбжатов негізгі назар өндірістік жарақаттану мәселелеріне және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларына, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау басқармасы, "ӘМСҚ" КЕАҚ филиалы және "SENIM "жергілікті кәсіподағы" ҚБ өкілдерімен бірге денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы мен сауықтыру жәрдемақыларының кешігу фактілерін талқылады, қаржылық жағдайды тұрақтандыру және медицина қызметкерлеріне уақтылы төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарады.
Полиция подполковнигі Айнагүл Қуандықова балалар еңбегіне тыйым салу және шектеу бөлігінде заңнаманың сақталуы туралы ақпарат берді, ол жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етті.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге тиісті тапсырмалар берілді.





