Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды 2026 жылғы 14 маусымға тағайындау туралы хабарлама

Атбасар, Біржан сал, Ерейментау, Жаксы, Целиноград  аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы  6 мамырдағы ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 14 маусымға келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:

Атбасар ауданы Атбасар қаласы, Покровка, Полтавка  ауылдық округтерінің әкімдерін;

Біржан сал ауданы Донской, Заурал ауылдық округтерінің, Заозерное ауылының әкімдерін;

Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының  әкімін;

Жақсы ауданы Белағаш ауылың әкімін;

Целиноград ауданы  Қараөткел ауылдық округінің әкімін.

Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
08 мая 2026