Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

2026 жылғы 11 наурызда Ақмола облысы әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Жол саласы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында, сондай-ақ Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары туралы.

Баяндамашы: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Тұрғанұлы Батырқұлов.

  1. 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бағыты бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру.

Баяндамашылар: Егіндікөл ауданының әкімі Курушин Юрий Викторович, Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы, Шортанды ауданының әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға орындау мерзімі көрсетілген нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
29 апреля 2026