Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 63,350 мың бірлікті құрады
(2025 жылғы наурызға 97,9%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 59,665 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы наурызға 99,4%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,2%-ды құрады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 040 бірлік

- жеке кәсіпкерлер – 43 654 бірлік

- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 971 бірлік

2026 жылғы қаңтар-наурызда ШОК субъектілерінен 67,9 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 130,8%, салықтардың жалпы түсімінің 34,5%-ы).

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,972 мың адамды құрады (2024 жылғы қыркүйекке 99,5%).

2025 жылғы қаңтар – қыркүйекте ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 856,9 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 118,2%).

2026 жылдың қаңтар айында ШОК-тің жалпы қосылған құны 866,133 млрд. теңгені немесе 29,1% -ды құрайды.

2026 жылдың қаңтар-наурызда айында ШОК субъектілерінде
1 495 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2026 жылғы қаңтар-ақпанда ЕДБ ШОК субъектілеріне
24,1 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 98,9%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 32,5%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 15,7%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,5%-ды құрайды.

Дата публикации
27 апреля 2026