(24.04.2026 жылғы жағдай бойынша)
- АӨК негізгі көрсеткіштері
- 2026 жылғы қаңтар-наурыз айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 96 923,8 млн. теңгені (НКИ - 102,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 823,8 млн. теңге (НКИ - 100,0%), мал шаруашылығы - 96 087,4 млн. теңге (НКИ - 102,7%).
- 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 13,4 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 177,8% болды.
-
- Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
- Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,4%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,8 мың адам (2025 жылдың 4-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
- - 2025 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында орташа жалақы 366,8 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,2% өсім (2024 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында - 288,4 мың теңге).
- - 4-тоқсанда орташа жалақы 417,9 мың теңге болды, өсім 25,9% (2024 жылдың 4-тоқсанында - 332,0 мың теңге).
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
- АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);
- -мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;
- -қаржы құралдары - 39,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге );
-терең өңдеуді субсидиялауға – 1,7 млрд. теңге.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егісін 5,6 млн. га алқапта жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4,6 млн. га (-47,3 мың га), майлы дақылдар - 585,2 мың га (+89,8 мың га), мал азығы дақылдары - 370,7 мың га (+34,1 мың га), соның ішінде мал азығының жаздық себуі - 172,2 мың га (+5,6 мың га)
Картоп отырғызу 8,6 мың га алқапта (-74,8 га), ал көкөністерді отырғызу - 1,5 мың га алқапта (+177,7 га) жүргізілетін болады.
- Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2026 жылғы қаңтар-наурыз айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 433 бірлікті құрап, жалпы сомасы 22,6 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтар- наурыз - 162 бірлік, 5,6 млрд. теңге), оның ішінде:
- тракторлар - 4,8 млрд. теңге сомасына 116 бірлік;
- астық жинайтын комбайндар - 9,5 млрд. теңге сомасына 66 бірлік;
- сепкіш кешендер - 0,25 млрд. теңге сомасына 32 бірлік;
- егіс кешені - 3,4 млрд. теңге сомасына 25 бірлік;
- басқа техника - 4,6 млрд.теңге сомасына 194 бірлік.
Мал шаруашылығы
2026 жылғы қаңтар- наурыз айында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет - 52,7 мың тонна немесе 100,5% 2025 жылғы деңгейге қарай;
- сүт - 49,4 мың тонна немесе 119%;
- тауық жұмыртқасы - 168,2 млн. дана немесе 105,2%
- 2026 жылғы 1 сәуірдегі жалпы мал басы саны:
- Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 445 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 104,4%-ын құрайды, оның ішінде:
- - сиыр басы - 198,4 мың бас немесе 105,6%;
- жылқылар - 274,6 мың бас немесе 104,3%;
- қой мен ешкі - 641,6 мың басты немесе 97,2%;
- - құстар - 10 084,1 мың басты немесе 104,2%;
- - шошқа - 48,9 мың басты немесе 102,2%.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
- 2026 жылғы қаңтар-наурыз айында 81,1 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді (2025 жылғы сәйкес кезеңге - 111,9%).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 47,5%, сүт - 12,7%, өсімдік майы - 19,1%, астық өңдеу - 7,4%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,0%, өзге салалар - 11,3% алады.
- Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 26,8 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 762 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% төмендеу.
Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 34,6 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 4,0% төмендеу, сары май өндірісі - 604 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 16,6% төмендеу, ірімшік пен сүзбе - 393 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 17,7% төмендеу, қышқыл сүт өнімдері - 2,7 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 13,9% өсім.
- Өсімдік майы өндірісі 23,4 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 9,4% өсім.
- Ұнтақталған ұн өндірісі 65,9 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 17,8% төмендеу.