
Аймақта 189 діни бірлестік (бұдан әрі - ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 86 - исламдық, 50 – православиелік, 33 – протестанттық, 11 – католиктық, 6 – Жаңа апостол қауымдастықтар; 1 – Ехоба куәгерлері; 1-Бахаи қауымдастығы және Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы – 1.
Діни нысандар – 149, оның ішінде: 86 мешіт; 28 православие шіркеулер; 13 католиктік шіркеулер; 15 протестанттық дұға үйлері, 6 Жаңа апостолдық және 1 Ехоба куәгерлері қауымының ғибадат үйі.
Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 26 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың арасында: 18 адам Польшадан, 6 адам Филиппиннен, 1 – Швейцариядан, 1 – Ресейден.
Көкшетау қ. – 2 миссионер, Аршалы ауданында – 1, Астрахан ауданында - 2, Атбасар ауданында - 7, Бұланды ауданында – 3, Бурабай ауданында - 5, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.
25 миссионер католицизмді, 1 протестантизмді уағыздайды (Жаңа апостолдық шіркеу) тұтады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша 2025 жылдың басынан бастап, облыста 172 баланың ата-анасы діни наным бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.
Білім басқармасының мәліметі бойынша облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 102 фактісі анықталды (бас киім кию (орамал мен хиджаб).
«Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.
2025 жылғы 28 тамызда «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының отырысы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясының күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
2025 жылғы 1 қазан жағдай бойынша облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).
Ақпараттық-түсіндіру топтары 2332 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 11302 адам қатысты.
Оның ішінде тікелей облыс жастарымен 1354 адамның қатысуымен 61іс-шара жүзеге асырылды.
Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 3658 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 96 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 41 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 3521 ақпараттық материалдар орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).
Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.