Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Документы
11 октября 2022
Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Ақпарат
30 сентября 2022
Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұлан әрі - Заң) 67-бабындағы  1-тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардан бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен қамтамасыз етілесіз.

Құқықтық негіз болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұзып тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.

Сонымен қатар, сіздің жергілікті атқарушы органға уақытша тұрғын үй бөлу туралы өтініш беруге құқыңғыңыз бар. 

 

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж келесі санттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға,

      2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына;

      3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

      4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

      Заңның 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:

      1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

      2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

      2-1) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;

      3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

      5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

      6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады.

Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын   үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді.

Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу,       ЖСН  көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

 

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы