| №р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 1 | Басқарма басшысы | Қызметті басқару қолданыстағы заңнамаға және басқарма Ережесіне сәйкес басқару | - Қаржы-шаруашылық қызметпен, мемлекеттік мүлікті басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (бюджет қаражаты);- Басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.- Бақылау функцияларын іске асырған кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. |
| 2 | Басқарма басшысының орынбасары | - Облыстың цифрландыру, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі басқарманың қызметін ұйымдастыру;- Цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларда және өзге де нормативтік - құқықтық актілерде көзделген бағыттары мен жобалары бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;- Басқарманың цифрландыру саласындағы қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қызметті, кеңес беру және бақылаушы функцияларды іске асыру. | - Басқарманың цифрландыру жобалары бойынша өткізілетін тауарларды, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бақылауды іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. |
| 3 | Цифрландыру және байланыс бөлімінің басшысы | - Бөлім жұмысын басқару және үйлестіру; - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялары саласындағы бірыңғай талаптардың және ақпараттандырудың сервистік үлгісін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;- Өңірде IT саланы, ақпараттық, коммуникациялық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша Басшылыққа ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу; |
Басқарма Ережесінің 14 тармағына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, желілік инфрақұрылымға, әзірлеуге, енгізуге және IT саласындағы басқа да шығындарға бюджеттік өтінімдер мен мемлекеттік органдардың шығындарын келісу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. |
| 4 | Цифрландыру және байланыс бөлімінің бас мамандары | - Өңірде IT саланы, ақпараттық, коммуникациялық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша Басшылыққа ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу; | Басқарма Ережесінің 14 тармағына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, желілік инфрақұрылымға, әзірлеуге, енгізуге және IT саласындағы басқа да шығындарға бюджеттік өтінімдер мен мемлекеттік органдардың шығындарын келісу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. |
| 5 | Архив бөлімінің басшысы | - Бөлім жұмысын басқару және үйлестіру;- «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік жазбаүзінділірдің көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметінің сапасын бақылауды және уақтылы көрсетуді іске асыру;- Коммуналдық меншіктегі Ұлттық архив қорының және жеке құрамы бойынша іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты және құжаттардың ведомстволық сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;- Архив мекемелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау. | - Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде сақталатын, Ұлттық архив қорының істері мен құжаттарын түзетілмейтін бүліну туралы актілерді жасау немесе таппау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;- Қазақстан Республикасының Ұлттық қор және архивтер туралы заңнамасының сақталу мәніне бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып алдын-алу бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 6 | Архив бөлімінің бас мамандары | - Сараптамалық қорытынды жасай отырып, Басқарманың сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясына (СТӘК) ұсынылған материалдарды (тұрақты сақтау істерінің тізімдемесін, жеке құрамы бойынша істерді, жоюға бөлу туралы актілерді, әдістемелік ұсынымдарды) қарау;- Облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын тексеруді және алдын ала бақылауды іске асыру және тексеру қорытындылары бойынша анықтамаларды жасау. | Мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттарда сақталатын Ұлттық архив қорының істері мен құжаттарын түзетілмейтін бүліну туралы актілер жасау немесе таппау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;- Қазақстан Республикасының Ұлттық қор және архивтер туралы заңнамасының сақталу мәніне бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып алдын ала бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. |
| 7 | Әкімшілік-құқықтық жұмысы бойынша бөлімінің басшысы | -Бөлім жұмысын басқару және үйлестіру;- Басқарма қызметіндегі заңдылықты сақтау бойынша жұмысы;- Басқарманың норма шығармашылық қызметін талдау және талдау нәтижелері бойынша басшыға оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстарды енгізу;- Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылған Басшының басқару актілерін өзгерту, толықтыру немесе жою жөнінде шараларды қабылдау. | Нормашығармашылық қызметті талдау нәтижесінде шешім қабылдауға әсер ететін дұрыс емес қорытындыларды қалыптастыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
| 8 | Әкімшілік-құқықтық жұмысы бойынша бөлімінің бухгалтер - бас маманы | - Басқарманың бухгалтерлік есепті, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды іске асыру;- Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті, сондай-ақ, Құжаттамалық тексерулерді ұйымдастыруды тексеру;- Мекеменің барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларын бақылауды және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді қамтамасыз ету; | -Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;- Бюджеттік өтінімдерді және оларға есептерді жасау, бюджеттік бағдарламаларды және басқарма аппараты бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерді жасау;- Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру. |
| 9 | Жобалық басқару бөлімінің басшысы | - Бөлім жұмысын басқару және үйлестіру; - Бағдарлама бойынша, сондай-ақ, базалық бағыттары, жобалар топтары, жобалар бойынша тұтастай алғанда негізгі ұлттық индикаторларға қол жеткізуін талдауды қоса алғанда, бағдарламалардың іске асырылу барысының мониторингі;- Бағдарлама басшысына және Офиске жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде электрондық форматтағы ақпараттық табло арқылы бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы апта сайынғы ақпаратты ұсыну;-Жобалар тобы жетекшілерінің, жоба жетекшілерінің жобалық қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізу, оның қорытындысы бойынша бағдарламаның басқарушы комитетіне Офиспен келісілген әдістемеге сәйкес үздік/нашар нәтижелер көрсеткен жоба жетекшілерін, жоба жетекшілерін көтермелеу/жазалау бойынша ұсыныстарды енгізеді; |
- Жоба топтары басшыларының, жоба жетекшілерінің жобалау қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі;- Бағдарлама басшысына басқарушылық шешімдерге әсер ететін, жобалардың/бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. |