| № | Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар | Ұсынымды орындау нысаны | Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
| 1 | - аңшылық алқаптарды бекіту Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 1 – қосымша, бұдан әрі-қағидалар)- аңшылық алқаптарды бекіту конкурстық негізде жүзеге асырылады, конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган (Табиғи ресурстар басқармасы және табиғат пайдалануды реттеу) болып табылады. Бұдан басқа, конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы болып табылатынына қарамастан, оның шешімімен жеңімпаз айқындалады, Ережеге сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт Министрліктің аумақтық бөлімшелерімен (орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы)жасаладыСонымен қатар, Ереженің 6-тармағына сәйкес аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту конкурс қорытындылары негізінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жүзеге асырылады.ЖАО мен министрлік тарапынан кезек-кезек орындалатын процестер артық бизнес-процестерге, сондай-ақ шешім қабылдау мерзімдерінің негізсіз кешіктірілуіне алып келеді, бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметке тосқауыл болады. Осыған байланысты, аталған функция берілгеннен кейін бекіту бойынша барлық рәсімдерді (өтінімдерді қабылдау, құжаттарды қарау, бекіту туралы шешім қабылдау және шарт жасасу) ведомствоның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын болады. | Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына барлық рәсімдерді (өтінімдерді қабылдау, құжаттарды қарау, бекіту туралы шешім қабылдау және шарт жасасу) Министрліктің аумақтық бөлімшелеріне беру бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынысымен экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдансын. | |||
| 2 | - Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітуАңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 1 – қосымша, бұдан әрі-қағидалар)- балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту конкурстық негізде жүзеге асырылады, ведомствоның аумақтық бөлімшесі ("Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ) конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.Конкурс қорытындысы бойынша ережеге сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт инспекциямен жасалады, бірақ өз кезегінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын балық шаруашылығы су айдынының паспортын (шартқа қосымша) жергілікті атқарушы орган ресімдейді.Шартқа қосымшаны ведомствоның аумақтық бөлімшесі (инспекция) шарттың өзі сияқты ресімдеуі тиіс деп есептейміз.Бұдан басқа, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту облыс әкімдігінің қаулысымен ресімделеді, іс жүзінде нәтижені айқындайтын, жергілікті атқарушы органдардың регламентіне сәйкес, осы құқықтық акт әкімдіктің басқа құрылымдарында әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларымен келісуден өтеді.ЖАО мен министрлік тарапынан кезек-кезек орындалатын процестер артық бизнес-процестерге, сондай-ақ шешім қабылдау мерзімдерінің негізсіз кешіктірілуіне алып келеді, бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметке тосқауыл болады. | Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды беруге қатысты балық шаруашылығы комитетіне хат жолдансын. | |||
| 3 | Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі комиссияларды алып тастау.Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 1 – қосымша, бұдан әрі-қағидалар) сәйкес аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту конкурстық негізде жүзеге асырылады, жеңімпаз, жергілікті атқарушы орган жанындағы комиссия (табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы) айқындайды.Ереженің 17-тармағына сәйкес комиссияға барлығы 2 функция бекітілген:3) балық немесе аңшылық шаруашылығы субъектілерінің әрбір объект бойынша бекітудің барлық ұсынылатын кезеңіне арналған даму жоспарын бекіту; 4) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен құжаттарын қарау және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу.Сонымен қатар, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын құжаттар тізбесі мен біліктілік талаптары Қағидалармен толық регламенттелген.Бұл ретте конкурс нысанасы үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болады.Осылайша, бұл жағдайда комиссияның рөлі ресми болып табылады және ол аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту бойынша бизнес-процестерді негізсіз қиындатады. | Аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында айқындалған аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекіту жөніндегі комиссияны тарату мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен экология және табиғи ресурстар министрлігіне, ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдансын. | |||
| 4 | 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 23-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулар мынадай жағдайларда өткізілмеген болып есептеледі:1) мүдделі жұртшылықтың өкілдері болмаған кезде;2) қоғамдық тыңдаулардың құжаттары бойынша баяндама болмаған кезде;3) ақпараттық жүйеде және ресми интернет-ресурста орналастырылған құжаттарда баяндалған ақпарат ашық жиналыс арқылы қоғамдық тыңдауларда тыңдалатын баяндама мен құжаттарға сәйкес келмеген кезде;Осы қорытынды дауыс беру негізінде Қағидаларда көзделмеген, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады. Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша дауыс беруді өткізуді ұсынамыз, содан кейін жобаны одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданады | Басқарма ЭЫДҰ-ға хат жолдайды |