| № | Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар | Ұсынымды орындау нысаны | Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
| 1 | Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстар бойынша қорытындылар шығару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне ұқсас рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс аяқталған кезде Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қорытындылар хаттамасын орналастыруды автоматтандыру туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне енгізілсін. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 2 | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заңның 5-бабының 13-тармағына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс енгізсін, "шарт жасасқанға дейін" деген сөз "қорытындылар хаттамасы шығарылғанға дейін"деген сөзбен ауыстырылсын. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 3 | Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларына "ұқсас" және "аналогиялық" терминдеріне айқындамалар енгізу туралы ұсыныс енгізілсін не олардың біреуі алынып тасталсын. Сондай-ақ объектілерді орташа және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды "мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына енгізу мүмкін деп санаймыз. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 4 | Өткізілмеген деп танылған конкурстармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Сатып алуды өтпеді деп тану кезінде тапсырыс берушілердің іс-әрекеттерін нақтылау бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы, атап айтқанда: сатып алу Заңның 29-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші шақыру жіберу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға міндетті, қайта сатып алуды өткізбестен. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 5 | Мүліктік жалдау (жалдау) шарттары бойынша ай сайынғы жалдау ақысының мөлшеріне әсер ететін коэффициентті айқындауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі. | Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері бойынша қызмет түрін саралау мен нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс уәкілетті органға жіберілсін. | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 6 | Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалдау) шарттары бойынша талап-арыз жұмысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі. | Үлгілік шарттың 25-тармағына қосымша мынадай мазмұндағы тиісті ұсыныс уәкілетті органға жіберілсін:"бұл ретте, жалға алушы берешекті өтемеген жағдайда, оның атына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде көзделген мерзімдермен берешектің болуы және төленгені туралы хабарлама жіберу дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау үшін жеткілікті шаралар деп есептелсін | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |
| 7 | Мемлекеттік мүлік сауда-саттығын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Уәкілетті органға бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықтың бес әдісі туралы ұсыныс енгізілсін | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тиісті ұсынысы бар хат | Жауап түскен жоқ. | 2024 жылғы 31 шілдеге дейін |