Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту
Документы
Статистика
20 октября 2025
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша ақпарат
Тізбе
20 января 2025
Ақмола облысының әкімдігі
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
Ақпарат
27 января 2022
Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысында аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы 01.01.2022 ж.
Новости
Полезные материалы
Жұмыспен қамту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Қарыз жүктемесін төмендету бойынша көмекті қалай алуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

Заңның 7-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

Көрсетілген талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың банктерді қарыз аушылардың банктік заемдері бойынша шарттарын өзгертуге міндеттеу бойынша құқықтары жоқ (атап айтқанда сыйақы ставкасын төмендету, төлеу кестесін өзгерту, төлемдер бойынша мерзімін шегеру, қарызды кешіру және т.б.).

Осыған байланысты сіз қарызды қайтару шартын өзгерту туралы өтінішіңбен қарыз алған банкке баруыңыз қажет.

Банк сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ішкі банктік бағдарламалар шеңберінде аталған қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен басқа банктерге барып өтініш бере аласыз.

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

Қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын кімдер ала алады?

«Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Ақмола облыстық Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне сәйкес, азаматтардың 15 санаты бекітілген:

кшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының келесі санаттарына жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;

      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – тегін жол жүру;

      3) қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – тегін жол жүру;

      4) фашистік лагерьлердің тұтқындарына – тегін жол жүру;

      5) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – тегін жол жүру;

      6) көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;

      7) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;

      8) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;

      9) Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдардың қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;

      10) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;

      11) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;

      12) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – тегін жол жүру;

      13) I топтағы көру бойынша мүгедектеріне, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршыларға – тегін жол жүру;

      14) оқу жылы кезінде Қызыл Жұлдыз ауылында тұратын оқушыларға -тегін жол жүру;

      15) Социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдарға - тегін жол жүру.

 Азаматтардың тегін жүру санатына енгізу мәселесі бойынша Көкшетау қаласының әкімдігіне «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге өтініш тапсыру қажет. 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы