Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер қатарындағы тұлғалар, өтініш берген сәтте ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі дара кәсіпкерлер, оның ішінде қызметін тоқтата тұрған және жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар грант алуға үміткерлер болып табылады. Бұл ретте үміткер жастар немесе аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар, көп балалы жәрдемақы алушылар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы), қоныс аударушылар, қандастар, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) мүгедектерді тәрбиелеп отырған жәрдемақы алатын адамдар санатына жатады. Грант сомасы 400 АЕК-ке дейін
Анықтама алу үшін 92404, 50077 телефондары арқылы хабарласуға болады.