Меню

Страницы

Статья

2021 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің қызметі туралы ЕСЕБІ

2021 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің қызметі туралы

 ЕСЕБІ

 

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

                «Державин қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің келесі түрін көрсетеді: «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы  шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда жүргізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте тұрған жер учаскелеріне құқық сатып алу», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

         Мемлекеттік қызметтер қағаз және электрондық үлгіде көрсетіледі. 

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88- V Заңын және бекітілген қағидалар басшылық етеді.

         2021 жылы Державин қаласында 42  мемлекеттік қызмет көрсетілді:  «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы  шешім беру»-3, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»-13, «Сауда жүргізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте тұрған жер учаскелеріне құқық сатып алу»- 26, «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» - 0, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0.  

   

   Мемлекеттік  орган  арқылы  көрсетілді - 12, ХҚКО  арқылы – 1

ЭҮП арқылы –26.

        2021 жылы мемлекеттік қызмет алған адамдардың саны 42.

       Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Державин қаласы әкімінің аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» газетінде жарияланады.

          2021 жылға Державин қаласы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

          «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ сонымен қатар мемлекеттік қызметтің электронды үкімет арқылы көрсетілу мүмкіншілігі туралы стенд бар.

           «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Жарқайың ауданының «Целинное знамя» апталық қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

          Державин қаласы әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

          Мемлекеттік қызметті ұсыну процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау  ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады.

        2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Державин қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағым түскен жоқ.

     Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігін жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет стандарттары жобасын ашық талқылау негізінде мемлекеттік қызметті көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуына, қызметті тұтынушылармен ұсынылатын құжаттар тізімінің қысқартылуына бағытталған шаралар, сонымен қатар процесстер қолдану.

          Сәйкес келетін шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы. 

          Қызмет қолданушылардың мемлекеттік қызмет көрсету түбіртектерін толтыру негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу мониторингін тоқсан сайын жүргізіп отыру, аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, Державин қаласында мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.

 

 

Державин қаласы әкімінің м.а.                                                      Т.Өмірзақов

 

 

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы