2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласында Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызмет «Дипломмен ауылға» әлеуметтік бағдарламасы аясында қызмет көрсетеді, яғни бұл 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Жарқайың ауданының ауылдық жерлеріне осы бағдарламаны іске асыру барысында Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен жас мамандар жұмыс істеуге және тұруға келе бастады.
Аталған жобаны іске асыруда енді ғана дипломдарын алған оқу орындарының түлектері, сондай-ақ үш жылдан кем емес ішінде ауылға жұмыс істеуге және тұруға келген еңбек өтілі бар мамандар қабылданып қатысты.
Аталған мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Электронды үкімет» веб-порталында көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі – қағаз және электронды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы мен байланыс деректерін көрсете отырып) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, есепке қою және кезектілік туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан болатын қызметтер болып табылады.
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы (291 700 теңге);
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит (4 375 000 теңге), мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
2021 жылы «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік қолдау шараларын алуға тілек білдірген әлеуметтік сала мамандарынан 10- өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде 10- өтініш бойынша – оң қаралды.
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Сыздықовтың басшылығымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның 2 - отырысы өткізілді.
Комиссия шешімдерінің қорытындысы бойынша 3 -өтініш қанағаттандырылды.
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 2021 жылы ХҚКО мамандарымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері және қызмет көрсету мерзімдері мәселелері бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына енгізілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі туралы ақпарат экономика және қаржы бөлімінің ғимаратында ақпараттық стендте орналастырылған, тоқсан сайын ауданның қоғамдық-саяси «Целинное знамя» газетінде орыс тілінде және «Жарқайың тынысы» газетінде мемлекеттік тілде жарияланады.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы мониторингілеу мақсатында Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрығымен көрсетілген мемлекеттік қызметтерге ішкі бақылау жүргізу бойынша комиссия құрылды.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығына мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.