Меню

Страницы

Статья

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есебі

 «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021  жылы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есебі

 

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі.

         Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатынасын, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократия көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен айқындылықтың көрінуі;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызметті көрсету процесін үнемі жетілдіріп отыру.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бес түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 174, «Жұмыссыздарды тіркеу» -76, «Жұмыссыз ретінде тіркелген туралы аңықтама беру» - 1. «Жұмыс іздеушілерге және жұмыссыздарға көмек көрсету» - 477, «Атаулы әлеуметтік көмек» - 129.   

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының  2013 жылдың 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын басшылыққа алады, стандарттары бекітілген.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылы барлығы 857 мемлекеттік қызмет көрсетті, с.і. мемлекеттік орган арқылы - 23, ЭҮП арқылы – 834.

2021 жыл бойынша сараптама жүргізу негізінде келесі  мемлекеттік қызметтер жоғары тапшыллыққа ие: «Жұмыс іздеушілерге және жұмыссыздарға көмек көрсету» - 477.

Мемлекеттік қызмет көрсету  туралы ақпарат  «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараттық бұрыштар мен «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» газетерінде жарияланады.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі жайында келушілерге ақпарат орналастырылған бұрыш бар.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін жұмыс жоспары бойынша ХҚКО-ның мамандарымен «Мемлекеттік қызметтердің стандарттардың орындалуы»  туралы тақырыпқа онлайн 5 дөңгелек үстел 2021 жылы өткізілген.

Жергілікті «Целинное знамя» газетіне және «Жарқайың тынысы» газетіне «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы» мақалалары жарияланады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» жергілікті телеарнада ТОО «Мириад» және  «Мегаполис» радиосында ақпарат жарияланған.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары кестеге сәйкес 3 жыл сайын квалификациясын көтеру курстарын өтеді.  Пікірталастар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жасарту үшін қолданылады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды тарапынан «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша шағымдар болған жоқ.

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы