2021 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің
қызмет есебі
Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің он бес түрін көрсетеді, олар:
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), Тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;
- «Кепіл кепілін мемлекеттік тіркеу(тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату. Сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқасын беру»;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;
- «Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау»;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
- «Ауыл шаруашылығы алқаптарың бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»;
- «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» ақылы негізінде;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Он бес мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасы негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердін көрсету барысында Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.
2021 жылда Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 15 түрі бойынша 914 қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» - 99 қызмет көрсетілді;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), Тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 210 қызмет көрсетілді;
- «Кепіл кепілін мемлекеттік тіркеу(тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату. Сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқасын беру» - 70 қызмет көрсетілді;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;
- «Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау» - 37 қызмет көрсетілді;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 343 қызмет көрсетілді;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 14 қызмет көрсетілді;
- «Ауыл шаруашылығы алқаптарың бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» - 32 қызмет көрсетілді;
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» - 3 қызмет көрсетілді;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 92 қызмет көрсетілді;
- «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 14 қызмет көрсетілді;
2021 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде ең талап етілетін мемлекеттік қызмет «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 343 қызмет көрсетілді.
Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады «Целинное знамя», «Жаркаин тынысы» газеттерінде жарияланады.
Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын ашық талқылау Жарқайың ауданы әкімдігінің сайтында өткізілді, оның мақсаты жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, олардың құқықтары мен бостандықтарын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет стандарттарына қатысты заңды қызығушылықтарын есепке алу.
2021 жылға мемлекеттік қызмет стандарттарының жобасын ашық талқылау барысында аудан әкімдігінің сайтына ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Осы жоспарға сәйкес Жарқайың ауданы әкімінің сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.
Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің кабинеттерінде, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы келушілерге арналған ақпарат орналастырылған стендтер бар, мекенжайы: Державинск қ., Мир к-сі, 78, бұл ақпаратты 8 (71648) 9 1459, 92387 телефондары арқылы алуға болады.