Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
-көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
"Далабай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: "елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - 0, "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 0, "мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" - 0, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 0)» - 0," жол бойы белдеулерінде жол бойы сервисі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау " - 0," сауда - саттықта (конкурстарда, аукциондарда) мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " - 0," бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату " - 0," жер учаскесін жеке меншікке бөліп - бөліп сату " - 0," жер учаскесін Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттерді 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
2020 жылы ауылда мемлекеттік қызметтің 0 түрі бойынша 0 қызмет, Мемлекеттік орган арқылы – 0, ЭҮП-0, Мемлекеттік корпорация-0, "Егов.кз."- 35 қызмет.
2020 жылы ауылда мемлекеттік қызмет көрсетілді: "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 0 – "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"-0;" бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату" -0;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Далабай ауылы әкімінің аппаратында көпшілікке қолжетімді орындарда ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті "Целинное знамя" және "Жарқайың тынысы"газеттерінде жарияланады.
2020 жылы Далабай ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Далабай ауылында электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы келушілерге арналған ақпарат орналастырылған стенд бар.
Далабай ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.
2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан "Далабай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) шынайылық;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау "тұтынушылардың мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен қанағаттануы" критерийлері қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларын толтыру негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесін, сондай-ақ процесс буындарын қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті, оның ішінде ұйымдастыру сипатындағы шараларды қабылдау.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларын толтыру негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тоқсан сайын мониторинг жүргізу, Далабай ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру.