Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе қандай да болмасын өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында дұрыс және анық есеп беруі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі үнемділігі пен тиімділігі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және стандарттар мен регламенттермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
«Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызметті көрсетеді:
2020 жылы берілді:
- жер учаскесін беру туралы 2 - өкім
«е.gov» бұрышы арқылы 38- қызмет көрсетілді. Осылайша:
- 12 – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар
- 4 - соттылықтың болуы туралы анықтамалар
- 7 - мекенжайы бойынша тіркелген тұлғалар туралы
- 4 - психоневрологиялық ұйымнан анықтамалар
- 4 – наркологиялық ұйымнан анықтамалар
- 2 - адамның тұрғылықты тіркелген орны туралы анықтама
-5 - зейнеткерлік аударымдары туралы мәліметті алған адамға анықтамалар берілді.
2020 жылы мемлекеттік қызметті алған адамдардың саны – 40 адамды құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпарат Пятигор ауылы әкімінің аппаратында баршаға қол жетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» және «Жаркаиың тыңысы» газеттерінде, Жарқайың ауданының Web-порталында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Келушілер үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған.
2020 жылы Пятигор ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2020 жылдың қазан айында ауыл әкімі жанында «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен сапасын сақтау» тақырыбында бір кеңес өткізілді.
Пятигор ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары әрбір үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну ппроцессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау ретімен жүзеге асырылады. Ашық жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін жұмыста ескеріледі.
«Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметті тұтынушыларынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталғандарға, оның ішінде ұйымдастырылған сипаттағыларға тиісінше шаралар қабылданды.
Аппаратта мемлекеттік қызметті көрсету сапасы жақсаруда, ауылда мемлекеттік қызметті көрсету барысында төрешілдік және сөзбұдаға салудың болуын жібермеу, мемлекеттік қызметті көрсету барысында тұрақты жасалады,
мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі жетілдірілуде.