Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Жарқайың ауданының Отрадный ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінің қызметтері туралы есебі

«Отрадное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеті мемлекеттік қызмет көрсетуі керек: «Жарқайың ауданы Отрадное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сегіз түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату», «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінің құқығына сауда-саттықтарды (конкурстарда, аукциондарда) талапқа жеткізбеу», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 76 қызмет көрсетілді, "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" - 65, «Баланың туылуына және бала күтіміне бір жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау»- 2, «Сотталмағандығы туралы анықтама» - 6, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»- 3.

Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.

2020 жылы ауылдық округте мемлекеттік қызметтің екі түрі бойынша 3 қызмет көрсетілді, «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінің құқығына сауда-саттықтарды (конкурстарда, аукциондарда) талапқа жеткізбеу» - 2, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» - 1.

2020 жылы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған түсініктеме іс-шаралары өткізілді.

Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет арқылы алу мүмкіншілігі туралы тұрғындарға арналған стенд орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша Отрадный ауылдық округінде 2020 жылы «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын сақтау: негізгі проблемалар» атты тақырыбында кеңес өткізілді – 2020 жылғы қыркүйек айы.

202 жылдың басынан бастап Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен және көрсетілу ретімен стенд дайындалды.

Отрадный ауылдық округінің барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес, біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау әдісімен жүзеге асырылады. Ашық талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады.

2020 жылдың 03 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыларынан «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау, бағалау және мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингі келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) әділдік;

3) адалдық;

4) анықтық.

Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтің көрсетілуінің сапасын қанағаттандыру тиімділігі және жетілдіру үшін тұтынушыларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау негізінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің, құжаттар тізімінің, сондай-ақ процесстің бөлімдерінің қысқартылуына бағытталған шаралар қабылдансын.

Мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бағытталған ұйымдастырушылық мәндегі сай келетін шаралар қабылдансын.

Тұтынушылармен мемлекеттік қызметтіқолдану кезінде түбіртектерді толтыру негізінде, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасының қанағаттандырылуына мониторингті тоқсан сайын жүргізу, аппараттағы мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бюрократизм мен ұзаққа созуды болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процессін үнемі жетілдіру.

Скачать отчет.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы