Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Жарқайың ауданының «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтері туралы есебі

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі.

          Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі  принциптердің негізінде көрсетіледі:

  • ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатынасын, сенімінің , тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі.

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократия көріністерін болдырмау;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен айқындылықтың көрінуі;

  • Мемлекеттік қызметті көрсету процесін үнемі жетілдіріп отыру;

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 25 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті, «Үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау»-9, « Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»-72, «Жергілікті өкілетті органдарының  шешімі бойынша бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау»-139, «Ауылдық елдімекендерде тұратын және әлеуметтік салада жұмыс жасайтын мамандарға отын  отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау»-0, «Семей  сынақ полигонындағы ядролық сынақтар дың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға мемлекеттік бірреттік өтемақы төлеу, куәліктерді беру»-0, «Мүгедектерге протездік ортопедиялық көмекті көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу»-5, « Мүгедектерге гигиеналық құралдар және сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз ету  үшін  құжаттарды рәсімдеу»- 46, «Бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін, есту бойынша  мүгедектерге қол қимыл тілінің маманы»-2,  «Мүгедектерге кресло-арбаны ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу»- 7, «Санаторий-курорттық емделуге мүгедектерге ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу»-10,  «Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу»-103, «Медико-әлеуметтік мекемеде арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу»-16,  «Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға қатысу жайында анықтама беру»-0, «Тұрғын үй көмегін тағайындау»-0,  «Ақталған адамға куәлікті беру» - 0, «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 144, «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» - 0, «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» - 234, «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» - 59, «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» -22, «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»-311, «Әке болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» - 15, «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының  2013 жылдың 15 сәуірдегі №88-V«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын басшылыққа алады, стандарттары мен регламенттеріи бекітілген.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы барлығы 1205 мемлекеттік қызмет көрсетті, с.і. мемлекеттік орган арқылы- 223, ХҚКО арқылы-562, ЭҮП арқылы -420.

2020 жыл бойынша сараптама жүргізу негізінде келесі  мемлекеттік қызметтер жоғары тапшыллыққа ие: «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»-282, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 234, «Жергілікті өкілетті органдарының  шешімі бойынша бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау»-139. Мемлекеттік қызмет көрсету  туралы ақпарат  «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараттық бұрыштар мен «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы»  газетерінде жарияланады.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі жайында келушілерге ақпарат орналастырылған бұрыш бар.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін жұмыс жоспары бойынша ХҚКО-ның мамандарымен 3 дөңгелек үстел 2020 жылы өткізілген. «Мемлекеттік қызметтердің стандарттардың орындалуы» 

Жергілікті «Целинное знамя» газетінде және «Жарқайың тынысы» газетінде  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» мақалалары жарияланады.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары кестеге сәйкес 3 жыл сайын квалификациясын көтеру курстарын өтеді. Пікірталастар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жасарту үшін қолданылады.

Мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге жолданған  ұйымдастырушылық сипаттағы  іс-шаралар қабылдансын. Тоқсан сайын бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру бойынша мониторинг өткізілсін, былықпен бюрократиялық көріністерді болдыртпау.

2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды тарапынан «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша шағымдар болған жоқ.

Скачать отчет.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы