«Нахимов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,
«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (жеті жасқа толмаған) балаларды кезекке қою,
«Алыс елді мекендерде қашық тұратын балаларға білім беру мекемесіне дейін және қайтадан үйіне жеткізу үшін тегін апаруды ұсыну»,
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»-1,
«Жер учаскесін біржола немесе бөліп төлеу үшін жекеменшікке сату»,
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірінен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24 бабы негізінде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметі көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Нахимов ауылдық округінің аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» және «Жарқайың тынысы» газеттеріндеде жарияланады.
«Еgоv» өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы бар, өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-25 қызмет көрсетілді. «Өтініш берушінің (отбасының) АӘК алушылардың қатарына кіретінін растау туралы»- 3, « Сотталғандығы бар немесе жоқ екені туралы анықтама»-5, «ҚР тұрғындарының мекен жайы бойынша есептен шығару»-4, «ЭҚТ алу»-4, «Наркологиялық науқастардың электрондық тіркелімінен анықтама беру»-4, «Психикалық аурулар науқастарының электрондық тіркелімінен анықтама беру»-4, «Зейнетақы қоры-1» берілді.
2020 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша қарсылық білдіргені-1.
2020 жылға Нахимов ауылдық округі әкімінің аппартымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Нахимов ауылдық округінде сонымен қатар мемлекттік қызметтің электронды үкімет арқылы көрсетілу мүмкіншілігі туралы стенд бар.
2020 жылдың басынан бастап ауылдық округінде мемлекеттік қызметтің көрсетілу стандарты және олардың көрсетілу реті туралы стенд рәсімделді.
2020 жылы мемлекеттік қызметті көпшілікке тарату мақсатында баннер дайындалып, орналастырылды.
Нахимов ауылдық округі әкімі аппаратының маманы әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет стандартын жетілдіру үшін қолданылады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Нахимов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті уақытында көрсету үшін бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы, сәйкес келетін іс шараларды қолдану .
Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын тоқсан сайын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.