Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
«Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеті мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» - 0, «Алыс орналасқан елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мекемелерге ақысыз жеткізу және үйге әкелу» - 19, «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуіне шешім беру» - 0, «Елді мекеннің шеңберінде құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру» - 0, «Сауда–саттықты (конкурстарды, аукционарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 1, «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату» – 0, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0. Соған қатар, ауылдық округ әкімінің аппаратында өзі- өзіне қызмет көрсету Egov бұрышы бар. Ол ЭҮП арқылы 19 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Барлығы жеті мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің барлық жеті түрі қағаз формасында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.
2020 жылы ауылдық округте мемлекеттік орган арқылы 20 қызметтер көрсетілді.
2020 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер білім саласында - ол «Алыс орналасқан елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мекемелерге ақысыз жеткізу және үйге әкелу» - 19 қызмет.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Костычево ауылдық округінің аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» газетінде жарияланады.
2020 жылы Костычево ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Костычево ауылдық округінде сонымен қатар мемлекттік қызметтің электронды үкімет арқылы көрсетілу мүмкіншілігі туралы стенд бар.
2020 жылдың бірінші тоқсанында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің танымдылығы туралы баннерлер жасалып, орналастырылды.
2020 жылдың басынан бастап Костычево ауылдық округінде мемлекеттік қызметтің көрсетілу стандарты және олардың көрсетілу реті туралы стенд рәсімделді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін Костычево ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағым түскен жоқ.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық;
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділі мен жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет стандарттары жобасын ашық талқылау негізінде мемлекеттік қызметті көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуына, қызметті тұтынушылармен ұсынылатын құжаттар тізімінің қысқартылуына бағытталған шаралар, сонымен қатар процесстер қолдану.
Сәйкес келетін шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы.
Қызмет қолданушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу мониторингін тоқсан сайын жүргізіп отыру, аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдурмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.